Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Қызылордалық 5196 түлек ҰБТ тапсырады

1185
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Биыл тестілеуге 7102 мектеп бітірушінің 5196-сы (73,1%) қатысады. Былтыр аймақ түлектерінің 66,5 пайызы ҰБТ тапсырған болатын. Сынама қорытындылары бойынша орташа балл 90,1 құрады.

Бұл туралы қызылордада мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының  барысы туралы өткен мәжілісте мәлім болды. Жиын басында облыс әкімі Қ.Көшербаев тестілеуге тиімді дайындықты қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Ақзира Қасымованың баяндауынша, 2017-2018 жж. оқу жылында облыс бойынша мектеп бітірушілер саны - 7102. Оның 5196-ы  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарланып отыр. Осылайша оқушылардың 73,1 пайызы тестілеуді тапсырмақ.

- Былтыр ҰБТ-ға облыс түлектерінің 66,5 пайызы қатысты. Бүгінгі күні облыс бойынша «Алтын белгіге» 472 үміткер, «Үздік аттестатқа» 289 үміткер тіркеліп отыр, - деді А.Қасымова.

Сондай-ақ, оның айтуынша бітірушілер үшін айына бірнеше мәрте сынама тестілеу өткізіледі. Қаңтар айында орташа балл 85,4, ақпан айында 90,1 болды.

Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты.

Оценить материал
0