Наверх

Погода в Астане: 19 августа, ночь: +19° 2 м/с19 августа, утро: +18° 4 м/с19 августа, день: +23° 5 м/с19 августа, вечер: +18° 3 м/с

Балқаш қаласы жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге жұмсалмақ

2270
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

2018-ші жылы жол жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Орташа жөндеу ағайынды Мусиндер, Амангелді, Әлімжанов, Металлургтер көшелерінде, М.Русаков атындағы шағын ауданда, сондай-ақ Қоңырат кентінің Горняцкая көшесінде жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға шамамен 400 млн теңге қажет.

Балқаш қаласында сонымен қатар аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 300 млн теңге бөлінген. Тізімге Сейфуллин, Бөкейханов, Ленин, Молдағұлова, Қараменде би көшелеріндегі, С. Мұхамеджанов ықшам ауданы мен Чайковский тұйық көшесіне қарасты аулалар кірген.

Сондай-ақ Қоңырат ықшам ауданында бірнеше алаңдар қалыпқа келтіріледі. Аулаларда орындықтар орнатылып, жаяужолдар мен жарықтандыру жүйесі жөнделеді. Сәбитова ықшам ауданында жаңа ойын алаңы болады. 

Оценить материал
0