Наверх

Погода в Астане:26 сентября, вечер: +6° 3 м/с27 сентября, ночь: +4° 3 м/с27 сентября, утро: +6° 3 м/с27 сентября, день: +15° 3 м/с

Қостанайда су тасқынын болдырмау шараларына 455 млн теңге қарастырылған

2603
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы шаралардың жүргізілу барысы мен су нысандарының көктемгі кезеңге әзірлігі тұрақты бақылауда.

«Қазіргі уақытта екі мыңнан астам күш құрылымдары мен 826 техника, 83 жүзу құралы, 245 су сорғыш техникасы, жиырма мың тоннадам астам инертті материал дайын тұр. Мұның сыртында мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін де тиісті мекемелермен келісімшарт жасалды. Су тасқынының алдын алу үшін облыстық бюджеттен 455 млн теңге қарастырылған», - деді Карплюк.

Облыстағы гидротехникалық құрылымдардың және су қоймаларының тасқын суға дайындығы туралы Тобыл-Торғай бассейні инспекциясының басшысы  Гүлшат Оспанбекова баяндады. Оның сөзінше, су ресурстары инспекциясының  мамандары өңірдегі гидротехникалық құрылымдардың жай-күйін тексеріп шыққан.

- Қостанай облысы территориясында 103 гидротехникалық құрылым тіркелсе,оның ішіндегі 24 бөгет тасқын суға дайын болмай шықты. Докучаев, Қарабөгет, Қызыл-арық, Жырықбөгет, Жоғарғы Шортанды, Шынсай сияқты бөгеттердің жағдайы мәз емес.  Алдағы наурыз айында арнайы комиссия бөгеттердің жай-күйін тағы бір тексеріп шығады, - деді Гүлшат Оспанбекова.

Жиында белгілі болғандай, облыстағы су қоймаларының 68 пайызы толып тұр. Бүгінде қоймалардағы 449 млн текше метр бос орын су қабылдауға әзір. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тасқынға қарсы дайындықты күн тәртібінен түсірмеу керектігін айтты.

-  Сондықтан әрбір қала-аудан әкімдеріне тасқынға қарсы шаралар туралы мониторинг жүргізуді тапсырамын. Кейде қардың еруі синоптиктер болжаған мерзімге сәйкес келмей, күрт өзгеретін жайттар кездесіп жатады. Сол үшін дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу керек. Тасқынға дайын емес бөгеттерді тез арада қалыпқа келтіріңіздер - деді облыс әкімі.

Дереккөз: Қостанай облысы әкімінің ресми сайты

Оценить материал
0