Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

Биыл елордада 6 жаңа мектеп салынады

786
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Астанада мектеп жетіспеушілігі мен білім сапасы әлі де өзекті мәселе қатарында. Жыл сайын қала мектептерін 10 мың бала бітірсе, бірінші сыныпқа 28 мың бала барады.Бүгінде Астананың 11 мектебі үш ауысымда жұмыс істеуде.

- Биыл 7 мың орынға арналған 6 мектеп тұрғызылады. Бір мектеп апатты жағдайдағы №20 мектептің орнына салынады. Тағы бір мектеп Абай-Бигелдинов көшелерінің қиылысында тұрғызылып, №56, 60, 35 және 1 мектептегі оқушылар санын азайтуға мүмкіндік береді.

ЭКСПО ауданындағы жаңа баспана тұрғындары үшін 2 мектеп бой көтеріп, №74, 75 және 84 мектеп оқушылар санын азайтуға септігін тигізеді. Мектеп мәселесі бойынша «Хайвил» ТК тұрғындары жүгінген болатын, сондықтан Нәжімеденов көшесінің бойынша жаңа мектеп ашылады, - деді Әсет Исекешев.

Әкім алдағы үш жылда республикалық бюджет есебінен Астанада 27 мектеп пен 10 жапсарлас ғимарат салу жоспарланғанын және «Промышленный», «Пригородный», «Көктал 1, 2» тұрғын үй алаптарында жаңа мектептер салынатындығын жеткізді.

Оценить материал
0