Наверх

Погода в Астане: 19 августа, ночь: +19° 2 м/с19 августа, утро: +18° 4 м/с19 августа, день: +23° 5 м/с19 августа, вечер: +18° 3 м/с

ШҚО-да туристерге аудиогидтер жасалады

2165
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Халқымыздың басым бөлігі  жолдама сатып алып, өздері қыдыруды жөн көреді. Алайда оларға жол бағытын көрсетіп, тарихи нысандар туралы дерек беретін ешқандай бағдарлама жоқ.

Осыған орай биыл цифрландыру бағдарламасы аясында электронды жолсеріктер пайда болады.

ШҚО туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, биылғы жылы облыста тегін аудиогидтерді құра бастаған, бұл қосымшаларды AppStore мен PlayMarket арқылы жүктеп алуға болады. Олар онлайн және оффлайн режімде жұмыс істейді.

- Егер сіз шалғайдағы нысанды көргіңіз келсе, ол туралы деректерді алдын ала жүктеп, төрт тілде тарихи деректермен танысуға болады, қазіргі таңда ең қызықты деген тарихи нысандардың ақпараты дайындалуда. Аудиогидтер жаз мезгілінің ортасында іске қосылады,- дейді Ж.Сәрсебаев.

Дереккөз: Алдаспан газеті.

Оценить материал
0