Наверх

Погода в Астане: 19 октября, день: -2° 6 м/с19 октября, вечер: -3° 5 м/с20 октября, ночь: -7° 3 м/с20 октября, утро: -7° 3 м/с

Қызылордадағы қалдықсыз кәсіпорын

2231
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС-і қалдықсыз өнім өндіру жүйесіне көшті. Бұрын күріш қауызын арнайы құрал болмағандықтан тастауға мәжбүр болған мекеме бүгінде бұл мәселенің де шешімін тапты, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

«Абай Дәулет» ЖШС-і Қызылорда қаласындағы 10 жыл бойы қараусыз қалған зауытты күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосқан.  Алғашында 7-8 адам жұмыс жасайтын зауыттың жұмысшыларының саны бүгінде 80-ге жеткен.

Кәсіпорын басшысы Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, бұған дейін күріш алқабында қалған масақтар мен күріш сабандарын өртеу арқылы ғана жоятын болған. Мұның басты зияны топырақ құрамындағы органикалық минералдар жоғалады. Өртеудің зияндылығын түсінген көрші Қытайда күріш егетін фермерлерге күріш қалдығынан қандай да бір өнім ойлап шығарса, өртемегені үшін субсидия төлейді екен.

-  Польшада отын болмағаны үшін қолда бар өнімнен отын жасауды қолға алған. Бұл бастамаға мемлекет қолдау көрсетіп, субсидиялаған. Нәтижесінде бұл елде 100-ге жуық зауыттар халыққа қол жетімді бағада гранула түріндегі отындар шығарып, отын мәселесі толығымен шешіледі. Осы тәжірибелерді зерттей келе, біз кұріш сабанынан гранула түріндегі отын жасауды қолға алудамыз, - дейді кәсіпорын басшысы.

Дәулет Сәрсенбаев қызуы жағынан көмірден кем түспейтін бұл отын түрін шығаруды қолға алса 4 мәселені шешуге болатындығын жеткізуде. Біріншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылады, екіншіден отынның құны арзандайды, үшіншіден сексеуіл, жыңғыл сынды табиғи отыр түрлерін бей-берекет пайдаланудың алдын алуға болады. Төртіншіден топырақтың құнары сақталмақ.  

Оценить материал
0