Наверх

Погода в Астане: 27 июня, вечер: +12° 6 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +14° 8 м/с28 июня, день: +15° 7 м/с

Бүгін Алғыс айту күнінде Астанада өтетін шаралар

1848
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұған дейін Алғыс айту күнін мерекелеу құрметіне елордада  өтетін шаралар жайлы толығырақ жариялаған болатынбыз.

Бүгінгі мереке күні қала тұрғындары мен меймандарын осы шараларды тамашалау үшін бірқатарын естеріңізге саламыз:  

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклі, ал М.Горький атындағы орыс драма театрында «Курт – драгоценный камень» қойылымы көрермендер назарына ұсынылмақ.

Астананың Қуыршақ театры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін «Лесная сказка о добрых соседях» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімін сахналайды.

Бүгін С.Сейфуллин атындағы музейде «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында кездесу, ал №5 балалар кітапханасында «Тепло казахстанской земли» кеші өтеді.

Сонымен қатар, елордалық кітапханашылар Қарттар үйінде «Құрмет пен ізет құшағында» көшпелі шарасын ұйымдастырады.

«АЛЖИР» мұражайына келушілер мерекеге орай ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалай алады.

Астанада Алғыс айту күніне орай 2 концерт өтеді. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында «Мың алғыс» концерті, ал 3 наурызда «Жастар» сарайында «Один народ – одна семья» концерті өткізіледі.

Дереккөз: Астана әкімінің ресми сайты.

Оценить материал
0