Наверх

Погода в Астане: 20 февраля, день: -3° 7 м/с20 февраля, вечер: -5° 5 м/с21 февраля, ночь: -6° 5 м/с21 февраля, утро: -6° 4 м/с

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 50 мектеп пайдалануға беріледі

2374
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңүстік Қазақстан облысында 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп  жоспарланған. Оның 15-і «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, 5-і республикалық бюджет есебінен бой көтеруде, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық бджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге салынып жатқан 30 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады.

2017 жылы барлық бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен 32 мектеп ел игілігіне тапсырылды. Өткен жылы облыстағы білім беру саласына Ұлттық қордан 29,8 млрд теңге бөлініп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 35 білім беру нысындарының құрылысы жүргізілген болатын.

Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен қаралған 4,2 млрд теңгеге 4 мектеп пен 1 мектеп-интернаттың құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады.

Былтыр облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд. теңгеге 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 12 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 30 нысанның құрылысы 2018 жылы аяқталады .

Бүгінде облыста 50 білім нысанының құрылысы қарқын алған.

Оценить материал
0