Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

Маңғыстауда «Жомарт жүрек» акциясы өткізілуде

4117
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Асар» қайырымдылық шарасының жалғасы ретінде «Жомарт Жүрек» акциясын жариялады. Қайырымдылық шарасы наурыздың 1-31 аралығында  облыс бойынша өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Елдің алғысына бөленіп, жүрекке жылу сыйлау үшін «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясын бастауды ұсынамын. Өздеріңіз жақсы білетіндей, биыл жыл басында облыс бойынша «Асар» қайырымдылық шарасын бастаған болатынбыз. Нәтижесінде, 30 миллионнан аса қаржы жиналып, үш жарым мың отбасыға (3500) көмек көрсетілді. Бұл бастама тек бұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан болатынмын. Игі іс  салтанатты түрде жалғасын таппақ, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

30 күнге жалғасатын «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясының мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары: аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, олардың тұрмыстық-әлеуметтік қажеттілігін өтеу.

Сонымен қатар, 1 ай бойы «Жомарт-Жүрек» экспозициясымен арнайы автокөлік облыстың екі қаласы мен барлық ауданын аралайды. Көмекке мұқтаж жандар өздерінің сұранысын жазып, жәшікке сала алады. Барлық ниет білдіруші мұқтаж жандарға көмек көрсете алады. Сонымен қатар Наурыз айында бүкіл өңірде «Жомарт-Жүрек» қайырымдылық марафоны аясында 20-дан астам іс-шара өтеді.

Оценить материал
0