Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Алматыда республикалық SPT олимпиадасы өткізіледі

1203
Фото: Университеттің баспасөз қызметі

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауындағы  «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытын жүзеге асыру мақсатында Сулейман Демирел университеті республикалық SPT олимпиадасын өткізеді, деп хабарлайды Объектив.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

SDU Proficiency Test (SPT) -  бұл ағымдағы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ-дың ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты - талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша  білімін көрсете отырып, СДУ-дың  ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады.

Статистикалық мәлімет бойынша олимпиадаға 2015 жылы 1000 оқушы, 2016  жылы -  3900, ал 2017 жылы – 7000 талапкер қатысып, іс-шараның маңыздылығы артып келеді.

Биылғы жылы олимпиада 4-наурызда бір уақытта еліміздің 19 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Қарағандыда өтеді. Ауқымды іс-шараға биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 10 000-ға жуық талапкер қатысады. Үздік нәтиже көрсеткен 300 талапкер 4 жылға жарамды 100% грант пен арнайы жеңілдіктерге ие болады.

Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндері бойынша өтеді. Тестілеу сұрақты белді зияткерлік мектептердің ұстаздарымен құрастырылып, қоғамдық кеңесте мақұлданады.

Оценить материал
0