Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Оралдық жастар шетелдік ғалымдармен кездесті

2329
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Орал қаласындағы «Бастау» коворкинг орталығында Италияның Пиза қаласынан келген ғалымдардың қатысуымен пікірталас өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Шараны облыс әкімінің орынбасары, «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері Ғабидолла Оспанқұлов жүргізді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы шақырылған қонақтарды СантАнна университетінің ректоры Перрата Пьердоминико бастап келді. Делегация құрамында «ДиДжи Импианти» компаниясы бас директоры Микеле Анжело Торторелла, «Мечта Лаборатория» компаниясының бас директоры Криши Гаетано және тағы басқалар бар.

Итальяндықтар Қазақстандағы ғалымдармен тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Олар еліміздің білім саласындағы оң өзгерістерді айтып, халқымыздың интелектуалдық әлеуетінің зор екеніне сенімді.

- Қазақстандықтардың білімге инвестиция салғандары елдің дұрыс жолда келе жатқанын білдіреді. Ал білімсіз мемлекет дами алмайды. Бұл бағдарлама Қазақстанға пайдасын тигізеді деп ойлаймыз, - дейді Перрата Пьердоминико.

Ғабидолла Абдоллаұлының айтуынша, шетелде де не болып жатқанын қазақстандықтар да көріп-білуі керек. Ол үшін «Болашақпен» білім алуға талпынған жөн. Ол жақтың жетістігін, жақсылығын елге алып келуге атсалысқан жөн.

Кездесуге арнайы қатысқан жоғары оқу орындарының студенттері мен Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары қонақтарға сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Оценить материал
0