Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкер өз қаражатына балабақша ашты

1229
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында «Меруерт Ана» балабақшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Енді елдің қуанышына айналған ғимаратта 100 бала тәрбиеленетін болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті ақпараттық тур аясында ауданның жұмысымен танысуға барған БАҚ өкілдері балабақшаның ашылу рәсіміне қатысып, қуанышқа ортақтасты.

Кәсіпкердің өз қаражатымен салынған балабақшаға 50 млн. теңге қаржы жұмсалған. Заманауи технологиямен қамтылған бөбекжайда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Нысанның жалпы жер аумағы 0,45 гектарды құрайды. Кәсіпкер А.Исакулова балабақшаны «Балапан» бағдарламасы аясында салғанын айтады.

Оның айтуынша,бүгінде балабақша 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 60 мың теңге. Жалпы мекеме бөбекжайға арналған барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.

- Сондай-ақ, балаларды тасымалдауға арналған 1 дана Газель автокөлігіміз бар. Енді осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балғындарымызға сапалы білім, саналы тәрбие берумен айналысамыз, – деді Адас Исакулова.

Қазығұрт ауданында 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша жұмыс істеп келеді. Былтыр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Балапан» бағдарламасымен 33 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде балаларды балабақшамен қамту деңгейі 87,5 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайыздан асыру көзделген.

Оценить материал
0