Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Варшавада теміржол көлігімен тиімді тасымалдау жайы талқыланды

875
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев бастаған делегация Варшавада өткен ТЖЫҰ Жүк тасымалы жөніндегі Комиссиясының отырысына қатысты.

ТЖЫҰ кеңесіне қатысушылар 2018 жылы теміржол көлігімен экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдаудың көлемін келісу және оны қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Вьетнам, Монғолия, КХДР теміржол әкімшіліктерінің өкілдері еуразиялық құрлықтағы жүк тасымалы көлемін өсіру бойынша өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту жайын ортаға салды.

Кеңес аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Қытай, Польша, Ресей, Вьетнам, КХДР теміржол әкімшіліктері өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Қытайлық әріптестерімен кездесу барысында шекаралық станцияларда бір мезгілде кедендік ресімдеу, халықаралық контейнерлерді қабылдау мен жөнелту жайлары келісілді. Ол өз кезегінде ел аумағы арқылы өтетін контейнерлік пойыздарды мәселен, Қытай (Үрімші) – Қазақстан –Орталық Азия\Еуропа бағдарындағы жолда жүру мерзімін барынша қысқартады.

Тараптар биылғы жылы ҚР мен ҚХР арасындағы жүк айналымын 2017 жылмен салыстырғанда 44 пайызға, экспорттық бағдарды -39 пайызға арттыруды көздеп отыр. 2018 жылы Қазақстан аумағы арқылы өткізілетін келісілген ҚХР транзиттік жүктері 2,3 есеге, ҚХР келетін жүктерді 21 пайызға өсіру жоспарланып отыр.

Кеңес отырысына Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Вьетнам, Монғолия, КХДР теміржол әкімшіліктері, сыртқы сауда ұйымдары, көлік-логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.

Дереккөз: «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Оценить материал
0