Наверх

Погода в Астане: 18 сентября, день: +24° 6 м/с18 сентября, вечер: +20° 8 м/с19 сентября, ночь: +15° 8 м/с19 сентября, утро: +15° 6 м/с

Жамбылда жасыл энергетиканы дамыту жобалары іске асырылуда

2214
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Тиімді энергия көздерін қолдану, жаңа заманауи құрылғыларды пайдалана білу қазіргі таңда еліміз үшін кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы ретте елімізде жасыл энергетиканы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жамбыл облысы осындай жобаларды жүзеге асыруда көш бастап тұр.

Желден, күннен  энергия алудың болашағы зор. Қазір аймақта жұмыс істейтін күн, жел және гидростанциялардың жиынтық қуаты 115 мегаватт болса, 2020 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 247 мегаватқа дейін артады деп жоспарланған

Бүгінде «Vistainterneishinel» жел электр станциясы   50 миллион киловаттан асатын таза энергия өндіреді.  Онда 1 МВт-тан жоғары қуатта жұмыс істейтін  21 жел генераторы бар.

Алдағы  бесжылдықта индустрияландыру жобаларының ішінде инвестицияның негізгі үлесі дәл осындай жаңартылған энергия көздері жобаларына қатысты болмақ. Мұндай нысандардың іске қосылуы аймақтық экономиканың дамуына әсерін тигізіп қана қоймай оңтүстік өңірдердегі электр қуаты тапшылығын төмендетеді.

Дереккөз: Жамбыл телеарнасы.

Оценить материал
0