Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Қызылордада отбасылық мәселелер бойынша «Кеңес беру орталығы» ашылды

2404
Фото: muftyat.kz.

Бұл туралы облыстық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық ашылған күннен бастап-ақ отбасы түйткілдерімен бірнеше жанұя орталық кеңесіне жүгінді. Келген отбасыларды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласханұлы қабылдап, шариғи тұрғыда кеңестер беріп, мешіт атынан «Ислам жанұясы» атты кітапты сыйға тартты. Сондай-ақ, тұрақты келіп жатқан кісілерге мешіт наиб имамдары мен әйелдер-қыздар секторының жетекшісі қабылдап өз кеңестерін ұсынуда.

Орталықтың мақсаты - білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу жолын қарастыру арқылы, ұлтымыздың болашағы – отбасы бақытын сақтауға өз септігін тигізу болып табылады.

Өңірдің кез-келген тұрғыны, орталыққа келу арқылы, отбасылық бақытын баянды ету мақсатында көкейтесті сұрақтарына жауап алып, туындаған түрлі мәселерінің түйінін шешу үшін білікті мамандардың консультациялық  қызметіне жүгіне алады.

Оценить материал
0