Наверх

Погода в Астане:08 июля, ночь: +20° 2 м/с08 июля, утро: +25° 2 м/с08 июля, день: +29° 3 м/с08 июля, вечер: +26° 3 м/с

Қостанайда Наурыз мейрамында аламан бәйге өтеді

3731
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қостанайда Наурыз мейрамының мәдени, ойын-сауық бағдарламасы әзірленді, деп  хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл қостанайлықтар Ұлыстың ұлы күнін 21, 22 және 23 наурызда атап өтеді. Алдымен, қала тұрғындары мен қонақтары ат спорты мерекесінің куәсі болады.

21 наурызда Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарында 3 шақырымдық тоқ бәйге басталады. Мұнан соң 7 шақырымға созылатын аламан бәйге жоспарланған. Айта кетейік, бәйгеге Қостанай облысымен қатар, елдің басқа да өңірлерінен жүйріктер қатысады. Ат спорты мерекесінің бағдарламасына аударыспақ, қой көтеру сияқты қазақтың ұлттық ойындары енеді. Осы күннің шаралары әрі қарай арқан тарту сайысымен жалғасады.

22 наурыз күнгі бағдарлама қаланың орталық алаңындағы «Шақырады Наурыз!» сахналық қойылымымен басталады. Сондай-ақ, мерекелік концерт кеші өтеді. Онда облысқа танымал әншілер өнер көрсетеді.

Орталықта киіз үйлер тігіліп, қазақтың салт-дәстүрлерімен танысамын деген қала тұрғындары мен қонақтарға өз ешігін ашады. Аспазшылар бауырсақ пен палау дайындау бойынша жарысқа түседі.

23 наурызда «Мирас» мәдениет сарайында «Пай, пай, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы ұйымдастырылмақ. Сайыс шарты бойынша келіндер салт-дәстүрлерді жатқа білуі тиіс. Бұған қоса қатысушылардың ұлттық тағамдар жасау шеберлігі сыналады.

Оценить материал
0