Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Шығыс Қазақстанға 714 отбасы көшіп келеді

2543
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша биыл Шығыс Қазақстан облысына өңірлік квотамен Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыссыз отырған 364 отбасы (1421 адам) көшіп келеді. Сонымен бірге биыл Шығысқа шетелде тұрып жатқан 350 (1050 адам) оралман отбасы қоныстандырылмақ.

Еңбек күші артылып отырған өзге облыстардан Шығысқа қоныстанушылардың көші-қон шығынына мемлекеттен 212,8 млн. теңге субсидия, коммуналдық төлемдері мен тұрғын үй жалдау шығындарына (бір жылға) 558,1 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ринат Қасеновтің айтуынша, былтыр жұмыс күші мол өңірлерден Шығысқа 382 отбасы көшіп келген                                            .

Өзге облыстан көшіп келетін отбасылар негізінен Риддер, Шемонайха қалаларына, кейбірі аудандарға қоныстандырылмақ. Қазіргі күні Риддер мен Шемонайхада бағдарламаға қатысатын адамдарға арналып көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр, құрылысы биыл бітеді. Риддер қаласына әсіресе мұғалімдер мен дәрігерлер қажет болып отыр. Шағын шаһардың мектептеріне ән сабағы, ағылшын, тарих, математика, физика пәндерінің мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, хореографтар, емханаға нарколог, терапевт, психиатр, тағы да басқа мамандар керек.

Дереккөз: Дидар газеті.

Оценить материал
0