Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Үкіметте Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жайы талқыланды

858
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Жалақысы төмен жұмыскерлердің жеке табыс салығын азайту мәселесі пысықталады және олардың салық жүктемесін азайту бағытының орындалуына Ұлттық экономика министрлігі жауапты, деді бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру Жол картасының жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Министрдің айтуынша,бұл тұрғыда салық заңнамасының нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр. Жалақы мөлшері төмен жұмыскерлердің жеке табыс салығының мөлшерін азайту мәселесі пысықталып, жеке табыс салығын салу тәртібі мен әкімшілендіру тетігін қарау жоспарланып отыр.

- Іс-шаралар тамыз айында аяқталады, бірақ жаңа тетікті енгізу жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, - деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар Тимур Сүлейменов шілдеде ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылатындығын жеткізді.

Оның айтуынша, әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бастамасының орындалуына Ұлттық банк, ал Үкімет тарапынан Инвестициялар және даму министрлігі жауапты болады.

-  Шілде айына дейін ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылатын болады. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жылына 20 млрд теңгеге дейін қаржыландыруға, оны ұлғайту және «7-20-25» бағдарламасының нормаларын ескере отырып, оған түзетулерді енгізу қарастырылып отыр, - деді  Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Оценить материал
0