Наверх

Погода в Астане: 18 сентября, день: +24° 6 м/с18 сентября, вечер: +20° 8 м/с19 сентября, ночь: +15° 8 м/с19 сентября, утро: +15° 6 м/с

Қарағандыда бағаны тұрақтандыру жоспары ұсынылды

2274
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жоспар ұсынылды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жобаны экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және қаржы басқармасымен бірігіп құрастырған. 

Жоспарды аймақ басшысының тапсырмасы бойынша бірнеше ай жасаған. Сарапшылар тауарлық нарықты, өндіріс және тұтыну тепе-теңдігінің мәліметтерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар мен қызметтер бағасының қарқындылығын, тұыну несиелерінің кей түрлерінің пайыздық мөлшерлемесінің өзгерісін сараптап шықты.

Ұсынылып отырған шаралар қатарында - мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің МЖӘ жобаларын жүзеге асыруға бірлесіп қатысуын қолдану әдістері мен формаларын кеңейту бар. Анағұрлым сұранысқа ие тұтыну тауарларын импорт алмастыру саласында кәсіпкерлік белсенділікті ынталардыру бойынша жұмыстар. Тауарларды анағұрлым төмен бағамен сатуға мүмкіндік беретін электрондық сауда, жәрмеңкелер секілді бөлшек сауда құралдарын кеңейту.

Сарапшылардың ұсынып отырған басқа да шаралары қатарында - қайта өңдеу өндірістерінің жұмысын жоғарылату, "Жасыл керуен" ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін және тауарлық интервенциялар өткізу бар.

Аймақ басшысы бір апта көлемінде мемлекеттік орган өкілдері тарапынан жасалатын ұсыныстар мен шағымдарды ескере отырып, қорытынды түзетулер жасауды  және барлық қалалар мен аудандардың әкімдеріне жоспарда келтірілген шараларды барынша тезірек қолдана бастауды тапсырды. Ол жуырда өткен халық алдындағы есептік кездесу барысында жиі қойылған басты сұрақтардың бірі өсіп бара жатқан бағаға қатысты болғанын еске салды.

Оценить материал
0