Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Оңтүстік Қазақстанда 100 мың көшет отырғызылмақ

1047
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Биыл облыстағы тұқымбақтардан 2 миллионға жуық көшет тегін беріледі. Олар өңірді көгалдандыру жұмыстарына жұмсалатын болады, деп хабарлайды Объектив. kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдар бойына 100 мыңға жуық көшет отырғызалады. Қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Оңтүстік жолдары" кәсіпорнының тарапынан жолдар бойына 9 мыңға жуық көшет отырғызылды. Сондай-ақ, басқарманың ұйытқы болуымен алдағы уақытта қосымша 10 мыңнан астам көшет егілетін болады. Осылайша Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен барлық аудандардағы жол бойлары болашақта жасыл желекпен толыға түседі.

Оценить материал
0