Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

«Парыз» байқауына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

754
Фото: Министрлік сайтынан.

Еліміздің барлық өңірлерінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

«Парыз» байқауы төрт аталым бойынша өткізіледі: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Соңғы 10 жылда байқауға 4,5 мыңнан астам кәсіпорын қатысты, олардың ішінде жеке кәсіпкерліктің 259 субъектісі лауреат атанды.

Оны өткізу жылдары барысында көптеген нәтижелерге қол жетті: қатысушылар мен лауреаттар 150 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрды, әлеуметтік жобаларға, демеушілік пен қайырымдылыққа 135,5 млрд тенге бөлінді, газ және су тазалау қондырғыларының құрылысына, қайта жаңғырту мен күтіміне кәсіпорындар 63,7 млрд тенге бөлді.

Кәсіпорындардың облыстар мен қалалардың көріктендіруі мен көгалдандыруына жұмсалған шығындары 36,3 млрд теңге болды. Бұдан бөлек, байқау қатысушылары мен лауреаттары 300 мыңға жуық ағаш отырғызды.

Оценить материал
0