Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Оңтүстік Қазақстанда «Ладожский» жүгері сорты өсірілетін болады

2356
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгері  өсіру» атты семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға  аталған екі ауданның әкім орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Семинар барысында   фермерлерге ресейлік «Кубань»  агрохолдингі мен қазақстандық «Агроимпекс» ЖШС-нің мамандары  «Ладожский» гибридтік жүгері сортының артықшылықтары туралы ақыл-кеңестерін берді.  Сондай-ақ, олар "Ладожский" гибридтік жүгері сортын эксперимент ретінде екі ауданда 3 гектар алқапқа егіп көру мәселесін көтерді.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты бұл жүгері сортын егуге өте қолайлы дейді мамандар. Ең бастысы, аталған астық жүгеріні мал және құс шаруашылығына құрама жем ретінде пайдалуға болады. Қажетті технологияларды толық сақтаған жағдайда бұл жүгері сортының бір гектарынан 10-12 тонна өнім алуға мүмкіндік бар. 

Наурыз айында егілген дақыл түрі жаздың соңына қарай өнім беріп, шамамен 98 күнде пісіп жетіледі. Жүгері сортының ең басты құндылығы - құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді. «Ладожский» гибридтік жүгері сорттын шаруалар «Агроимпекс» ЖШС-нің қоймаларынан сатып алуына болады.

Оценить материал
0