Наверх

Погода в Астане: 01 июня, ночь: +19° 4 м/с01 июня, утро: +23° 4 м/с01 июня, день: +30° 5 м/с01 июня, вечер: +25° 5 м/с

Қостанайда су тасу қаупі бар 100 елді мекен тіркелді

1939
Фото: Хабар 24.

Былтыр Қостанай облысында су басуы мүмкін 56 елді мекен тіркелсе, биыл қауіп төнген ауылдар саны 100-ге жетіп отыр.

Көктемгі  тасқынның алдын алуға байланысты құрылған штабтар қазір бақылауды күшейтіп жатыр. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, аймақта қар жылдағыдан жұқа, орташа қалыңдығы 18 см. Ондағы ылғал қоры да қалыпты мөлшерден екі есе аз. Облыстағы су қоймалары 450 млн текше метр суды қабылдай алады. Күтетін су көлемі бұдан әлдеқайда аз. Бірақ бұл қауіп сейілді деген сөз емес. Нөсер селдетіп, күн күрт жылыса, тілсіз жаудан төнетін  қатердің де үдей түсері анық. Сондықтан апат бола қалған жағдайда адамдарды орналастыратын 152 нысан дайын тұр.

Дереккөз: Хабар 24.

Оценить материал
0