Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Алматыда «Наурыз-2018» мерекесі аясында 150-ге жуық шаралар өткізіледі

944
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Алматыда «Наурыз-2018» бір ай бойына, яғни 15 наурыздан 25 сәуір аралығында мерекеленіп, оның барысында 148 шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

23 - 25 наурыз аралығында қаланың барлық аудандарының негізгі концерттік алаңдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Жібек жолы, Панфилов көшелері мен «Астана» алаңында, «Almaty Arena» кешенінің, ALMATY ART CENTER бульварының, «Атлеттер ауылының» маңындағы алаңдарда, орталық мәдениет және демалыс саябағында, Қазгосциркте,Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандары әкімдіктерінің ғимараттары алдындағы алаңдарда, Бостандық ауданындағы «Мега Алматы» ОСО, Жетісу ауданындағы «Гүлдер» паркінде, Түрксіб ауданындағы «Mart» ОСО және басқа да жерлерде мереке кеңінен аталады.

Оценить материал
0