Наверх

Погода в Астане: 18 июля, ночь: +17° 3 м/с18 июля, утро: +23° 2 м/с18 июля, день: +29° 3 м/с18 июля, вечер: +25° 3 м/с

Маңғыстауда Амал мерекесі республикалық деңгейде тойланды

1499
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ынтымақ пен Бірлікке шақырар дәстүрлі мейрам – Амал мерекесі тұңғыш рет  республикалық деңгейде аталып өтілді, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәшһүр-Жүсіп (Павлодар), Абай-Шәкәрім (ШҚО), Қорқыт ата (Қызылорда), Қожа-Ахмет Иассауи (ОҚО), Ақмешіт (ОҚО), Сарайшық (Атырау), Бекет ата (Маңғыстау) кесенелерінің және Ұлытау кешені (Қарағанды) шырақшыларының қатысуымен, еліміздің әр аймағынан келген 3 жүздің ұрпақтары мен ресми делегация Отпан таудың бауырында бас қосып, Бірлік отын жақты.

Ынтымақ пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік отын жағу тарихи сәтінде Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аталмыш мейрамның мән-мағынасына тоқталып, халықты Амал мерекесімен құттықтады.

2008 жылдан бері Амал мерекесін барлық сән-салтанатпен Отпан таудың басында тойлау үрдіске айналды. «Амал -2018»  мәдени көпшілік шарасының мақсаты – халық бірлігін және тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.

2 күнге жалғасқан бағдарламада «Амал мерекесі – рухани жаңғыруымыздың жаршысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Армысың, Амал!» атты облыс жыршыларының қатысуымен жыр кеші өтті. Қатысушылар Аударыспақ, Құнан жарыс және Аламан бәйге сынды қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасты.

60-тан астам киіз үй тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсетті. Ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, жүлделерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы берілді.

Мерекелік шарада «Шашу боп жырым шашылсын» Республикалық жыр мектептері өкілдері (Жетісу, Арқа, Батыс, Алтай-Тарбағатай мектептері)  мен «Мен қазақпын» мега жобасы жүлдегерлерінің қала, аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Амал-2018» аясында «Аялы ағаш – саялы» тал отырғызу акциясы өтті.

Қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада Қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысты бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, қолөнер және түрлі тақырыптағы көрмелер жұртшылыққа таныстырылды. 

Оценить материал
0