Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

Ұлттық кітапханада «Цифрлық Қазақстан» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді

2763
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханасында қалалық және жоғары оқу орындарының кітапхана қызметкерлерімен "ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН" тақырыбында  баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда қазақстандық кітапханалар қорларын цифрлауға үлес қосуы және электронды көшірмесін Қазақстан Ұлттық электронды кітапхана қорына жіберуі және цифрлы технологиялар арқылы ұлттық жазба-құжаттық мұраларға қолжеткізумен, сақталуымен қамту және келешекке табыстау турасында талқыланбақ.

«Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Кітапханаларды цифрландыру жұмыстары 2007 жылы басталған. Оның айғағы  «Қазақстанстандық  Ұлттық Электронды Кітапхана» ақпараттық жобасы. Жоба Елбасы бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы базасында жүзеге асырылып отыр. Бұл - жаһандық өзгерістерден өрбитін, өмірімізді өзгеше өруге жағдай жасауымен ерекшеленетін ауқымы шексіз жоба.

Оценить материал
0