Наверх

Погода в Астане: 01 июня, ночь: +19° 4 м/с01 июня, утро: +23° 4 м/с01 июня, день: +30° 5 м/с01 июня, вечер: +25° 5 м/с

Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өткізілді

3033
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Атырауда алғаш рет «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты Халықаралық форум өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Көрісу», «Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға арналған ауқымды театрландырылған фестиваль И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы орталық қалалық алаңда өтті.

Аталған іс-шараның халқымыздың  салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, өмір сүру салттарын одан әрі байыту және жас буынды қалыптастыру үшін маңызы зор. Іс-шарада 700-дей әртіс, 5 елдің өкілдері, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстаннан келген 30 шығармашылық ұйым  өнер көрсетті. 

Атырау облысының этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері өз киіз үйлерін орнатып, мереке қонақтарына ұлттық тағамдарын ұсына отырып, мәдени салт-дәстүрлерін көрсетті. 

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің құттықтау сөзінде «Көрісуді» мерекелеудің республика аумағында тұратын барлық халықты жақындастыратын дәстүрдің бірі ретіндегі қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін танымал ету.

Осы екі күн ішінде Форум қонақтары Ырза Тұрсынзаданың этноқолөнерінің шеберлік сағаттарына қатысты. Форум аясында республикалық айтыс пен Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина атындағы күйші-домбырашылар сайысы өткізілді.

Абсолютті салмақ категорияларындағы спортшылардың қатысуымен  қазақ күресінен халықаралық ашық чемпионат Форум аясындағы көпшілік  спорттық іс-шаралардың бірі болса, Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары «Спикер №7» жастар зияткерлік конференциясына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Форумның алғашқы күні И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы алаңда жергілікті әртістер мен «Ringo» тобы, Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Тәуекел Мүсілім және Қайрат Нұртас сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізілсе,15 наурызда Қазақстанның, жақын Шығыс пен Еуропа елдерінің ғалымдары «Наурыз – адамзаттың материалды емес құндылығы ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Мұнайлы астананың қонақтары Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған республикалық әдеби оқуды,  «Ұлы дала ұлағаты» атты кітаптың тұсаукесерін, «Домбыра Party» жастар акциясын тамашалады.

Оценить материал
0