Наверх

Погода в Астане:25 сентября, вечер: +8° 4 м/с26 сентября, ночь: +4° 3 м/с26 сентября, утро: +5° 2 м/с26 сентября, день: +12° 3 м/с

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтіледі

2236
Фото: "Хабар 24".

Бұл туралы СҚО әкiмдiгiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi департаменттiң басшысы Рамиль Камаловтың айтуынша, аудандар мен қалада 989 бiрлiк техника, 207 мотопомпа, жоғары өнiмдi 23 насос дайын тұр. 72 мың тоннадан аса инерттiк материалдар, 34 мың қап, 114 тонна жанар-жағармай да дайындалды.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi департамент 225 адам, 45 техника, 10 мотопомпа және 10 қайықты жұмылдырмақ. Жағдай ушықса басқа өңiрлерден 273 адам, 41 техника, 11 жүзу құралын тарту көзделген.

Бұл жұмысқа ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникасын да жұмылдырылады.

«Агроқұрылымдарда қажеттi техника бар. Олардың жұмысшылары сол ауылдарда тұрады. Қиын жағдай туған кезде барлығымыз бiр адамдай жұмылып, жұмыс жасау қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста сенбiлiктер өткiзiлiп, елдi-мекендердi қардан тазарту, арықтарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргiзiледi.

Облыс әкiмi тиiстi органдардың басшыларына ақпараттандыру бағытында ресейлiк әрiптестермен байланысты нығайтуды тапсырды.

Құмар Ақсақалов көктемгi су тасқынының зардаптарын азайту және жою мақсатында облыс әкiмiнiң орынбасары А. Федяевке тиiстi шаралардың дайындық барысын өз қадағалауына алып, 20 наурызға дейiн баяндауды тапсырды. Бұған қоса, өңiр басшысы 20 наурыздан бастап аумақтық жүйенiң жұмысын «күнделiктi қызмет режимiнен» «жоғары дайындық режимiне» ауыстыруды тапсырды.

Оценить материал
0