Наверх

Погода в Астане: 19 августа, ночь: +19° 2 м/с19 августа, утро: +18° 4 м/с19 августа, день: +23° 5 м/с19 августа, вечер: +18° 3 м/с

Ақтөбеде Наурыз мейрамына орай «Бауырсақ» көрмесі өтті

1907
Фото: «Ақтөбе» газеті.

Еліміздің батыс өңірінде Наурыз мейрамы осы айдың 14-інен, яғни «Көрісу» салтынан басталады. Бұл күнді кей жерлерде «Амал» деп  атайды. Осы мерекеге орай ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта «Бауырсақ» көрмесі өтті. Бұл шараны облыстың белсенді жастары ұйымдастырды.

Әр ауданның жастар орталығынан келгендер түрлі пішіндегі бауырсақтарды халыққа таратты. Байғанин ауданының жастары ерекше белсенділік танытты. Бірі сыртында «Наурыз құтты болсын!» деген жазуы бар шағын қорапшаларға бауырсақтың түрін салып, келушілердің қолына ұстатып жатса, екіншілері айран құйып берді. Дәмді бауырсақ пен ауылдың айранын ішкен жұртшылық алғыстарын жаудырды.

— Аудандағы жастар ресурстық орталығында он үш қызметкер жұмыс істейді. Осы мерекеге ерекше дайындалдық. Бауырсақты ұжым болып пісірдік. Біріміз ши бауырсақ, енді біріміз жеті нан пісірдік. Келген адамдар дәмді екенін айтып, наннан ауыз тиіп жатыр. Тіпті қорапқа салып алып кетіп жатқандары бар. Жалпы осындай мерекенің ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз. Әр ауданнан келген өзіміздің әріптестерімізді көріп, қуанып қалдық, — деді Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Сая Сағынғалиева.

 Ойыл ауданының жастары да бауырсақ, тары мен талқан әкеліпті. Өзге аудандар да бауырсақтың түрін пісірген. Жалпы ауданнан келген  жастар бір тоннаға жуық бауырсақ пісірген. Облыстық ішкі саясат басқармасыны басшысы Бұлбұл Елеусінова жастардың бұл бастамасын қуана құптағандарын айтты.

Наурыз мерекесі Ақтөбеде бір ай тойланады. Әр күн сайын саябақта түрлі шаралар ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: «Ақтөбе» газеті.

Оценить материал
0