Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

СҚО әкiмдiгi мен «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» арасында меморандумға қол қойылды

962
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездестi, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазiр Петропавлдағы «Береке» ықшам ауданында орналасқан зияткерлiк мектепте 597 оқушы озық үлгiдегi бiлiм жүйесiмен оқып жатыр. Оқушылардың 35 пайызы ауылдық жерлерден келген.

Өңiр басшысы Назарбаев зияткерлiк мектебiнде бiлiм алуға ұмтылған жастардың қатары жыл санап артып келе жатқанын атап өттi. Мектептiң түлектерi әлемнiң үздiк университеттерiнде бiлiм алып жатыр. Құмар Ақсақалов бiлiм ордасының 10 жылдық мерейтойымен де құттықтады.

Өз кезегiнде басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова зияткерлiк мектептердiң әлемдiк талаптарға сай бiлiм берiп жатқанын атап өттi. Осы тәжiрибенi ендi орта бiлiм беретiн мектептерге тарату мiндетi тұр. Қазiр бұл бағытта бiлiм ордасы облыстың негiзгi мектептерiмен жұмыс жасап жатыр.

Кездесу соңында СҚО әкiмдiгi мен «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Меморандумның мақсаты — балаларды тәрбиелеу және оқыту, бiлiм беру ұйымдарын басқару саласында «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» ұйымының тәжiрибесiн тарату, сонымен қатар аймақта инновациялық бiлiм берудi дамыту бағытында педагогтардың кәсiби деңгейiн арттыру бойынша ынтымақтастық болып табылады.

Оценить материал
0