Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Ақтөбеде гүл өсіретін жылыжайлар салынады

1856
Фото: inform.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров айтты.

Аудан әкімінің айтуынша жылыжайдың құрылысына қажетті барлық материалдар дайын. Жоба осы жылдың сәуір айынан бастап салынады. Жылыжай жобасы 25 миллиард теңге.

«Гүл өсіретін жылыжай үшін Маржанбұлақ кентінен 15 га жер бөлінді. Бұл жобаны орындаушы «Орандж-Холдинг» ЖШС. Мұндай жылыжайлар біздің Ақтөбеде жоқ, Жылыжай жыл бойына бірнеше гүлдердің түрін, соның ішінде қызғалдар пен раушан гүлін өсіреді», - деп нақтылады Алға ауданының әкімі.

Тұтастай алғанда, осы жылы Алға ауданында ауылшаруашылығы саласында  үш ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Сондай-ақ, цифрландыру аясында ауыл шаруашылығы саласында қуаты 1000 гектарлық автоматтандырылған суару жабдығы пайда болады.

Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты.

Оценить материал
0