Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Атырауда жаратылыстану-математика бағытында республикалық олимпиада өтуде

1081
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Олимпиадаға 800-ге жуық оқушы қатысуда, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан және Назарбаев зияткерлік мектебінен 19 команда қатысуда. 

Жайық спорт кешенінде өткен олимпиаданың ашылу салтанатына облыс әкімі арнайы келіп, оқушыларға сәттілік тіледі. 

- Осындай іс-шараларды өткізу мемлекет басшысының әр адамның әлеуетін арттырып, адами капиталды байыта отырып, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сіздердің ендігі міндеттеріңіз сол мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, білімдеріңізді әрі жетілдіре отырып, бәсекелестікке сай болатын азамат болып тәрбиеленуге өз-өздеріңізді дайындау. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Кішкентай жеңістің барлығы үлкен жеңістің бастамасы екенін естен шығармаңыздар,- деді Нұрлан Ноғаев.

800-ге жуық оқушы қатысып жатқан республикалық олимпиада 20 наурызға дейін жалғасады. Олимпиададан тыс уақытта оқушылар қаладағы білім ордаларымен, мәдени-тарихи орындармен танысып, психологиялық тренингтер мен спорттық шараларға қатысады.

Оценить материал
0