Наурызда Қарағандының орталық саябағында аттракциондар іске қосылады

Наурыз мейрамын тойлау күндерінде Орталық Мәдениет және демалыс саябағында саябақ және гүлзарлар басқармасының қарауындағы шолу дөңгелегі, «Ромашка» және басқа да аттракциондар іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.
Қарағандының орталық саябағы қазірден бастап Наурыз мейрамындағы халықтың тойлауына дайындалып жатыр. Мұнда киіз үйлер тігіліп, наурыз-көже, бауырсақ және палау әзірлеу бойынша тегін шеберлік сыныптары өткізіліп, олардан барлық ниет білдірушілер дәм тата алады.
Қазір саябақта тас жолдар түзетіліп, қоқыс жәшіктері сырланып жатыр. Барлығы 200 қоқыс жәшіктері мен сонша орындықтар қалыпқа келтірілетін болады. Мерекелік күндері аллеяларда сауда шатырлары орнатылады.
Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар Қарағанды облысында наурыздың 21-нен 25-не дейінгі аралықта жалғасады.
Биылғы жылы көшелерде орналасқан киіз үйлерде келушілер үшін тақырыптық экспозициялар және дәстүрлі әдет-ғұрыптар көрсетілетін қойылымдар ұйымдастырылады.
Қаланың басты тойлау шаралары Орталық саябақта 22-ші наурызда өтеді.