Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Қарағандыда жас дәрігерлерге жөндеуден өткен пәтерлер беріледі

2529
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды облысында медициналық қызметкерлер тапшылығы проблемасын шешу жолы табылды. Жас мамандарға баспана беріледі, деп хабарлайды Объектив. kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қай қалаларда дәрігерлер биыл пәтер ала алатыны туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев аппараттық жиналыста мәлімдеген болатын. 

- Қарағанды облысын білікті дәрігерлермен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен еліміздің медициналық ЖОО-да мақсатты оқытуға қаражат бөлінді.

2017-ші жылы 273 жас маман жұмысқа кірісті, оның ішінде 46 – резидентураны аяқтаған соң. 23 дәрігер ауылдық жерлерге бағытталды. Аймақтарда дәрігерлердің ұзаққа қалуын қамтамасыз ету үшін жаңадан келетін мамандарды жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, - деді ведомство басшысы. 

Үлгі ретінде Балқаш қаласы алғашқы болды – 2017-ші жылы жас дәрігерлерді баспанамен қамту үшін 18 пәтер жөндеуден өтті. Бұл бастама дәрігерлер тапшылығын анағұрлым төмендетуге септігін тигізді – жергілікті ауруханаларға республикамыздың басқа облыстарынан да мамандар көшіп келді.

Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша,медициналық қызметкерлерге мұқтаж қалаларда 2018-ші жылы жергілікті бюджет есебінен 60 пәтер жөнделіп қалыпқа келтіріледі. 
Ол аталмыш бағдарламаны Шахтинск, Абай, Саран, Жезқазған және Қарағанды қалалары қолдаған. Жас дәрігерлерге арналған пәтерлердің көбісі Шахтинск қаласында  – 32 пәтер.Облыс әкімі қол астындағы қызметкерлеріне бұл жақсы бастаманы барынша қолдауды тапсырды. 

- Жас дәрігерлерге қызметтік баспана беру кадрлар тапшылығы секілді проблемаларды шешуге көмектеседі. Әсіресе салалық мамандарды ұстап қалуға септігін тигізеді. Барлық әкімдерге бұған қосылып, барынша көмектесу керек. Ал денсаулық сақтау басқармасына бұл бағыттағы жұмыстарды белсендірек атқаруды тапсырамын, - деді Ерлан Қошанов. 

Оценить материал
0