Наверх

Погода в Астане: 20 февраля, день: -3° 7 м/с20 февраля, вечер: -5° 5 м/с21 февраля, ночь: -6° 5 м/с21 февраля, утро: -6° 4 м/с

Павлодардағы су тасқыны қаупі бар аймақтар бақылауға алынды

833
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

2017 жылғы тасқынды кезең ескеріле отырып, биыл облыс бойынша жалпы тұрғындар саны 4619 болатын 57 елді мекен айрықша бақылауға алынған. Оған қоса, ұзындығы 4,951 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының 42 учаскесі, 0,1 шақырымдық теміржол бөлігі баса назарда тұр, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Бүгінгі күні «Қазгидромет» павлодарлық филиалының мәліметтеріне сүйенсек, облыс көлемінде әлі ерімеген қар жамылғысы қалыпты мөлшерден 10 пайызға және былтырғы қар деңгейінен 30 пайызға төмен. Қазіргі қар көлемі мен метеорологиялық болжам мәліметтеріне сүйенсек, аймақ аумағында қардың күрт еруі күтілмейді. Сондықтан, еріген қар суының жаппай басу қаупі аз.

Облыстың қалалары мен аудандарында су тасқыны кезеңіне жоспарлы түрде дайындық жұмыстары өткізіліп жатыр. 470 мың текше метр қар шығарылды, қажетті материалдардың қоры жасақталды. Атап өтсек, 227 тонна жанар-жағармай, 220,5 мың тонна инертті материалдар, 52,3 мың қап дайындалды.

Автомобиль жолдарының шайылып кетуінің алдын алу үшін және автокөліктердің үзіліссіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында жол қызметтері наурыз айының соңына дейін су өткізетін 1310 құбырды тазарту және ашу жұмыстарын аяқтайтын болады.

Су тасқыны жағдайын жоюға арналған арнайы күш пен құралдар тобы белгіленді. Оған 600 техника, жүзу құралдары мен 1827 адам жұмылдырылған. Аумағы Ертіс өзенінің жағасымен шектесіп жатқан қалалар мен аудандардың әкімдіктері «Востоквзрывпром» ЖШС-мен келісімшартқа отырған. Яғни, қажет болған жағдайда өзеннің мұзын жару қызметіне жүгіне алады.

Ертіс өзеніндегі су тасқыны жағдайын болжау мақсатында Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысымен және Ресей Федерациясының Омбы облысымен осы су арнасындағы мұздың жүруі жайында ақпарат алу бойынша өзара әрекеттесуге уағдаласты.

Оценить материал
0