Наверх

Погода в Астане: 26 июня, ночь: +13° 4 м/с26 июня, утро: +18° 6 м/с26 июня, день: +20° 9 м/с26 июня, вечер: +13° 6 м/с

Наурыз мейрамында қарағандылықтарға арналған арман ағашы

2795
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Станиславский атындағы орыс драма театры Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында кішкентай көрермендері үшін қойылым әзірледі, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Ғимараттың кіреберісінде балалар да, ересектер де өзінің бауын байлай алатын арман ағашы қойылған.
Қойылым ойын түрінде өтеді жәнеде танымдық сипатқа ие. Балалар ұлттық аспаптар, қазақтың халық дәстүрлері жайлы білетін болады.

«Наурыз – барлық қазақстандықтардың сүйікті мейрамы. Бұл көктем мен молшылықтың, жаңарудың мерекесі. Біз балалар Алдар Көсемен падишахтың көмегімен сараң байдың қолынан қарлығашты босататын қойылым жасауды ұйғардық. Мұнда музыка, әндер, ойындар көп болады. Соңында шашу әдет-ғұрпы болады»,- дейді театрдың бас режиссері Александра Большакова.
Сонан соң Алдар Көсе барлық қонақтарды арман ағашының маңына шақырып, онда барлық ниет білдірушілер бақыт пен сәттілік үшін бау байлай алады.
Мерекелік қойылымдар 24 және 25-ші наурызда өткізіледі.

Оценить материал
0