Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Қазақстандық тауарлар Ингушетияға жеткізіледі

1990
Фото: "Хабар 24".

Мұндай келісімшартқа Ингушетия сауда үйі мен Қазақстан сауда өнеркәсіптері қауымдастығы қол қойды.

Екі тарап ынтымақтастық туралы келісімге Мәскеу аймағындағы «Фуд-сити» ірі ауылшаруашылық кластеріндегі көрме мен Наурыз мейрамын атап өту кезінде қол жеткізді.

Көрмеге Қазақстаннан 40-тан астам компания қатысып, келушілерге 2 мыңға жуық өнім түрлерін ұсынды. Ал жалпы бұл ауылшаруашылық кешенінде Ресейдің 70 аймағы мен әлемнің 40 елінің сауда үйлері орналасқан. Бұл тауар өндірушілерге өз өнімдерін тікелей жеткізу туралы келісім жасауға мүмкіндік береді. Ал Қазақстан тауарларының алғашқы легі Ингушетияға жақын арада жеткізілетін болады.

Дереккөз: "Хабар 24".

Оценить материал
0