Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

Солтүстік Қазақстанда бірнеше зауыт ашылады деп жоспарлануда

1838
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл жайында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің айтуынша, бұрынғы «Қазтехмаш» зауытының аумағында ауыл шаруашылығы техникасын жинайтын жаңа кәсiпорын ашу жоспарланып отыр.

-  Сәуiр айында немiстiң «CLAAS» компаниясымен келiссөздердi тәмамдаймыз. Бiздiң делегация Германияға барды, олардың өкiлдерi бiзге келдi. Ауыл шаруашылығы министрiне кiрiп шықты, барлық инстанцияларды өттi. Сәуiрдiң басында тағы кездесiп, нақты шешiм шығарамыз. Бұл компания комбайн, трактор және егiн себу кешендерiн жинайтын әлемдiк көшбасшы. Өте қызықты жоба болады, — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ өңiрде трансформаторлар шығаратын зауытты салу жөнiнде де мәселе қаралып жатыр. Қазiр жобаның құрылтайшыларымен келiссөздер жүргiзiлуде. Бұған қоса, «Зиксто» зауытының аумағында жаңа вагон жинау зауытын құру жоспарда бар. Өндiрiс ошағының қуаттылығы жылына 5 мың вагонды құрамақ.

Оценить материал
0