Маңғыстаулық тұрғындардың 94,1 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген

Бұл туралы облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиеваның айтуынша, облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%.Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 50,8 %.
«Маңғыстау ауданындағы 6 көше және 15 шағын ауданға, Түпқараған ауданындағы 1 көшеге, Бейнеу ауданындағы 3 көше және 1 даңғылға облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілді. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Маңғыстау ауданындағы 1 білім беру мекемесіне атау беру жөніндегі құжаттар ұсынылды», - деді облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.