Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Еліміздегі өңдеу өнеркәсібі өнімдері әлемнің 122 еліне экспортталады

876
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бүгінгі күні экспорттық тауарлардың сапасы айтарлықтай жақсарды. Шетелге шығарылатын өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі,- деді бүгін индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

- Отандық өндірушілердің фармацевтикалық өнім жеткізу көрсеткіші 34%-ға өсті (19 млн.АҚШ долл. дейін). Фармацевтикалық препараттар мен медициналық бұйымдар негізгі нарықтардан бөлек алғаш рет Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды. Сондай-ақ, металлургиялық және химиялық өнімді өткізу нарығы кеңеюде. Өнім қазір АҚШ-қа және Еуропа елдеріне жеткізіледі, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, «Азия Автоның» жеңіл автомобильдері алғаш рет Қытай халық республикасына (2017 жылы 988 бірлік Lada Niva), «Сарыарқа Автопром» ЖШС автомобильдері Тәжікстанға экспортталды (2017 жылы55 бірлік JAC). «ДонМар» компаниясы өндіретін ору машиналары Ресей нарығына экспортталып келеді (2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін – 94 бірлік).

«Тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың жалпы көлемі 1,6 млрд.АҚШ долларына тең.

Ет және құс өнімдерін Ауғанстанға, Біріккен араб әмірлігімен Иранға, өсімдік майы мен балды Қытайға экспорттау басталды.

Жыл сайын 380 экспорттаушы қаржылық және сервистік қолдауға ие болады», - деді министр.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы басталды.

Оценить материал
0