Наверх

Погода в Астане: 18 февраля, день: -7° 9 м/с18 февраля, вечер: -4° 8 м/с19 февраля, ночь: -3° 7 м/с19 февраля, утро: -3° 6 м/с

Биыл 8 мың ақтөбелік баспананалы болады

602
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың арқасында Ақтөбе облысында 792 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлығы 6 602 пәтер салынды, оның ішінде 1879 жеке тұрғын үй, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, 2018 жылы 870 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 8 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы кеңес барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов мәлімдеді.

Тұрғын үйді іске асыру ТҮҚЖБК желілері бойынша, сондай-ақ «ҚИК» АҚ, «Самұрық-Қазына ҰҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, өткен жылғыдай тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органдардың күту кезегі бойынша облыстың Алға, Қарғалы, Хромтау, Қобда, Байғанин, Мұғалжар, Темір, Шалқар және Ойыл аудандарын қамтиды.

Оценить материал
0