Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

СҚО әкiмi паралимпиадашыларды марапаттады

867
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Паралимпиада ойындарының қатысушыларымен кездестi. Кездесуге спортшылардың бапкерлерi де қатысты, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Пхёнчхан қаласында өткен XII қысқы Паралимпиада ойындарында елдiң намысын 7 спортшы қорғаса, оның төртеуi — солтүстікқазақстандықтар. Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Қанат Канафин және Антон Жданович шаңғы спорты және биатлоннан бақ сынады. Александр Герлиц жоғары нәтижеге қол жеткiздi. Еркiн әдiспен 20 шақырымдық жарыста 4 орын алды. Қайрат Канафин гид Антон Ждановичпен бiрге 11-шi нәтижеге қол жеткiздi. Сергей Усольцев те 11-шi орынға тұрақтады. Облыс әкiмi солтүстiкқазақстандық паралимпиадашылар көпке үлгi деп атап өттi.

«Бiз жерлестерiмiздiң жарысын қызығушылықпен тамашаладық. Сiздер туған-туысқандарыңызға және қоғамға үлкен асуларды бағындыруға болатындығын дәлелдедiңiздер. Сiздер жастарға нағыз үлгi көрсетiп отырсыздар. Қиын жағдайда мойымай, керiсiнше жоғары нәтижелерге қол жеткiздiңiздер», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу соңында марапаттау рәсiмi өттi. СҚО әкiмi құрмет грамоталары және ақшалай сыйақыларды табыс еттi. Александр Герлиц 1 миллион теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Қалған спортшылар 500 мың теңгеден иелендi. Бапкерлер Мария және Иван Дробязко алғыс хаттар және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Оценить материал
0