Наверх

Погода в Астане: 14 августа, вечер: +15° 4 м/с15 августа, ночь: +11° 4 м/с15 августа, утро: +15° 5 м/с15 августа, день: +21° 7 м/с

Қызылордада бал билерінен халықаралық турнир өтеді

1470
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

2018 жылдың 1 сәуірі күні «Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің кубогы үшін бал билерінен «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру, өңірде бал билері өнерін дамыту, өскелең ұрпақтың шығармашылығын шыңдау және талантты қыз-жігіттерді қолдау мақсатында өтеді.

Турнирге ТМД елдері мен республиканың өзге облыстарынан барлығы 800-ге жуық адам қатысады. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды және т.б. қалалардан келген өнерпаздар бақ сынайды. 

Сайыскерлердің өнерін Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалайды. 

Оценить материал
0