Наверх

Погода в Астане: 09 августа, день: +27° 7 м/с09 августа, вечер: +21° 6 м/с10 августа, ночь: +16° 4 м/с10 августа, утро: +21° 4 м/с

«Наурызға шашу» атты мерекелік концерт өтеді

1170
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

28 наурыз сағ.15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанға белгілі композиторлар Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында «Наурызға шашу»  атты мерекелік тарту концерті өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концертің мақсаты ұлттық музыкалық құндылықтарды сақтау, дамыту, насихаттау.

Серікжан және Әліби Әбдінұровтар Қазақстанға белгілі композиторлар, олардың шығармашылығы әндер мен романстардан бастап түрлі камералық-аспаптық туындылар, кантата, оратория, ірі көлемді симфония, опера, балеттерді қамтиды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлектері бүгінгі күні Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде қызмет атқарады.

Концертте Әбдінұровтардың елге кең танымал «Аспанға гаухар шашқан кез», «Жер - Ана», «Утро столицы», «Көрдімде, мінезіңе болдым құмар» атты әндері орындалады. Бағдарламаның ішінде әр түрлі аспаптарға жазылған шығармалар да кірген.

Осы жолы композиторлардың Отан, көктем, махаббат, нәзік жандардың сұлулығы тақырыптарына арналған, ой түбінде жүрген, шабыт пен жүректің сылдыр сазын сыйлайтын шығармалары орындалады.

Оценить материал
0