Наверх

Погода в Астане:26 сентября, вечер: +6° 3 м/с27 сентября, ночь: +4° 3 м/с27 сентября, утро: +6° 3 м/с27 сентября, день: +15° 3 м/с

Өскемендегі «Шығыстың асары» ауылдарға жетті

1086
Фото: muftyat.kz.

Өскемен аймағы өкілдігі тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ұйымдастырған «Шығыстың асары» атты акциясының аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті 10 тоннадан астам азық-түлікпен, киім-кешекті су тасқынынан зардап шегіп отырған ауылдарға бөліп таратып жатыр, деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда өкілдіктің қызметкерлерінен құралған топ су басқан ауылдарды көріп, нақты кімдерге, қандай көмек қажет екендігін анықтап, жергілікті әкімдіктермен бірлесе қызмет атқаруда.

 ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлының айтуынша,қазірдің өзінде Ұлан, Глубокое аудандары мен Согра қатарлы бірқатар ауылдарға әрқайсысына 1 тоннадан астам ыстық тамақ, азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттармен көмек жасалған. Аудан мешіттеріне су басқан үйлердің тұрғындарына және тасқынмен арпалысып қызмет көрсетіп жүрген адамдарға ыстық тамақ беру туралы тапсырма берілген.

Қиналған сәтте барынша көмек көрсетіп жатқан дін қызметкерлеріне ел-жұрт алғыс айтуда.

Оценить материал
0