Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары

1750
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Семей қаласының 300-жылдығы аясында «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды медициналық-әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.

Отырысқа Жапония, Германия, Ресей және Беларусь елінен халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйым өкілдері және ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында иондаушы сәулеленудің әсерінен болатын медициналық-әлеуметтік қатерлерді бағалау, соның зардабына ұшыраған халықты қорғау және оңалту шараларын ұйымдастыру жөнінде мәселелер талқыланды.

Жиын кезінде Жапония, Германия, Ресей, Беларусь сияқты елдердегі радиациялық әсерден зардап шеккен азаматтарды медициналық-әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Талқылау нәтижесі бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды медициналық-әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру бойынша міндеттерді тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың негізгі бағыттарын ұғынудағы жалпы позициялар келісілді, оларды одан әрі орындау бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

- Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті  мәселелерді шешудің перспективалы нысаны ретінде, ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік-медициналық қорғау шараларын жетілдіру бойынша тәжірибемен алмасу және бірлескен тиімді ұсыныстар әзірлеу жөнінде тәжірибелі алаң ретінде осы дөңгелек үстелдің маңыздылығын жоғары бағалаймыз, -деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Оценить материал
0