Шығыс Қазақстанда жемқорлыққа қарсы марафон басталды

Өскеменде бірнеше айға созылатын жемқорлыққа қарсы марафон басталды.
Марафон "Адал жол" немесе "Честный путь" деп аталды. Акция эстафета түрінде өткізіледі. Облыстың әр қаласы мен ауданына марафонның символы - "Адал жол" атты кітап беріледі. Кітапқа олар аймақта жасалған барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазады.
- Біз сыбайлас жемқорлық көрінісіне шыдамайтын қоғамды қалыптастыруға бағытталған 30-дан астам шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Буловкина.
Облыс орталығында бұл акция бүгін басталды және ол 5 сәуірге дейін жалғасады. Кейін бұл эстафетаны Ұлан ауданы жалғастырады. Марафон аясында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шаралар өтеді.
Дереккөз: Устинка LIVE.