Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Ақтөбеде латын әліпбиіне көшуге қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

1864
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы Ақтөбе облысының ӨКҚ баспасөз-конференциясында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева хабарлады.

Оның айтуынша,Ақтөбеде өтетін ономастика және латын әліпбиіне көшу мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға басқа мемлекеттің өкілдері алғаш рет қатыспақ .    

- Бізге Түркиядан ғалымдар келеді, Әзірбайжаннан қатысушылар онлайн тәртібімен байланыста болады. Одан бөлек, ресейлік ономасттардың да жұмыс тәжірибесі қызықтырады, - деді Гүлайым Төлебаева.

Одан басқа, конференцияға астаналық профессорлар мен сарапшылар да қатысады. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы көшелер мен қалалардың атауларын латын әліпбиімен жазу сапалы жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Латыншаға өту 7 жылдай уақыт алады, оның 3 жылы дайындық жұмыстарына кетеді.

«Сондықтан да біздің кәсіпкерлерге маңдайшаларын латынша жазуға асығудың қажеті жоқ. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында анықтама материалдары дайындалады, онда әрбір қазақ сөзін қалай дұрыс жазу керектігі көрсетіледі»,- деп сөзін түйіндеді Гүлайым Төлебаева.

Дереккөз: Ақтөбе облысы ӨКҚ.

Оценить материал
0