Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

ҚР ИДМ-де Моңғолия Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті

1912
Фото: Министрлік сайтынан.

Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Долгорсурэн Сумияабазар бастаған делегациямен кездесу өткізді. Онда түрлі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында геология, жер қойнауын пайдалану, минералдық ресурстар және азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумдарға қол қойылды. Осылайша, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың берік негізі қаланды.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, тараптар тау-кен өнеркәсібі саласы бойынша ақпараттармен, тәжірибемен, технологиялармен және біліктілігі жоғары кадрлармен алмасатын болады.

Сондай-ақ, қымбат металдарды өңдеу саласы бойынша тәжірибе алмасу және «Тау-Кен Алтын» аффинажды зауытындағы технологиялық процестермен танысу мәселелері талқыланды.

Кездесуде екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасында азаматтық әуе кемелерімен болатын авиациялық оқиғалардың алдын алу және тексеру саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Оценить материал
0