Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Болашақ журналистер бақ сынауда

848
Фото: studlife.kz.

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базасында дәстүрлі  Х Республикалық журналистер олимпиадасы басталды. Ф.ғ.д., профессор Асанов Қ.Д. кіріспе сөз сөйлеп, олимпиаданың ашылу салтанаты университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалпы білім бәйгесіне Республика бойынша он бес жоғары оқу орнынан болашақ журналистер қатысып, бақ сынауда.

Болашақ журналистер алдымен бас оқу ғимаратында орналасқан « Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихы» мұражайына саяхат жасап, университеттің тыныс тіршілігімен танысып шықты.

Командалар сайыс барысында өздерін толықтай таныстырып, «Теледидар және дәуір» атты  тақырыпта бейнесюжеттерін ұсынды. Сайыстың екінші кезеңінде «Қазақ телевизиясына 60 жыл» тақырыбы аясында ой жүйріктері мен сөз дүлділдерін анықтау мақсатында   ой-толғауларын қағаз бетіне түсірді. Ал бүгін байқауға қатысушылар біліктілік пен білімділіктігін шыңдап тест тапсырып, журналист үшін шапшаңдық пен жылдамдықты талап ететін «Жедел ақпарат» бөліміне өтті. Үміт пен қорқыныш, толқу мен  толқынысқа ұштасқан сайыс қорытындысы әділ болатынына сенімім мол.

Айта кетейік  60 жылдық тарихы бар осынау айтулы университет былтыр Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен ІХ Республикалық журналистер олимпиадасында 1-ші орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қарағандыда өткізу құқын жеңіп алған болатын.

Мырзабек Аяулым.

Оценить материал
0